Спорт Қазақстан
$441.58 €480 ₽4.86
×

АҚШ-та шоу кезінде екі ұшақ соқтығысты

AstanaTV
18.09.2023ж. 13:28
563
АҚШ-та шоу кезінде екі ұшақ соқтығысты

АҚШ-тың Невада штатындағы Рино қаласында шоу кезінде екі ұшақ соқтығысты, - деп хабарлайды Tengritravel.kz.

Әуе апаты туралы Рино қаласының Әуе жарысы ассоциациясының әлеуметтік желідегі парақшасында X жарияланды.

"Рино қаласының Әуе жарысы ассоциациясы шамамен 14:15-те (Астана уақыты бойынша 17:15-те) біздің жарысқа қатысушылар - Ник Мэйси мен Крис Рашинг ұшақты жерге қондыру кезінде соқтығысып, салдарынан екеуі де қаза тапты", - делінген хабарламада.

Ассоциация Көліктегі ұлттық қауіпсіздік кеңесімен бірге және жергілікті билік өкілдері, сондай-ақ АҚШ-тың федералды азаматтық авиация басқармасымен бірге тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр.