Спорт Қазақстан
$440.92 €475.36 ₽4.82
×

59 жастағы зейнеткер өзін жалғыз сезінбес үшін егіз қыз босанған

AstanaTV
01.10.2023ж. 09:29
1402
59 жастағы зейнеткер өзін жалғыз сезінбес үшін егіз қыз босанған

Қытайда 59 жастағы зейнеткер жалғыздықтан құтылу үшін егіз қыз туып алған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі South China Morning Post-қа сілтеме жасап хабарлады.

Ван есімді әйелдің ересек ұлы бар. Оның өз отбасы болғандықтан, ата-анасына жылына бір-екі рет қана келіп тұрады екен. Ван мен күйеуі өздерін жалғыз сезінгендіктен, балалы болуға шешім қабылдайды.

Сол себепті Ван құны 100 мың юаньнан (6,4 миллион теңге) асатын экстракорпоральды ұрықтандыру процедурасынан өтті. Осылай жүкті болып, екі қыз туды.

Зейнеткер қыздар сегіз жасында өздері үй шаруасымен айналыса алатындай етіп, оларға жауапкершілік сезініп өсуге баулымақ. Айтуынша, ол күйеуі екеуі балалар 20 жасқа келгенше жететіндей ақша жинаған.

Желіде әйелді сынағандар табылды. Пікір білдірушілер оның күш-қуаты баланы бағуға жетпейтінін айтты.