Спорт Қазақстан
$443.44 €480.51 ₽4.88
×

Түркістан облысында мектеп күзетіне жауаптылар шу шығарды

Түркістан облысында  мектеп  күзетіне жауаптылар шу шығарды

Түркістан облысында мектеп күзетіне жауаптылар шу шығарды. Түлкібас ауданындағы жүзге жуық азамат мектептің емес, жекеменшік компанияның қарамағына өткізіп жатқанына қарсы. Наразылық білдірулеріне бірнеше себеп бар көрінеді. Шуласқан топтың талап-тілегін өңірдегі әріптесім Айзада Төребекқызы тыңдады.

Аудандық әкімдік алдына жиналғандардан бір аптадан бері маза қашқан. Жекеменшік компанияның құзырына өтесіңдер деген хабар қыркүйектің соңында құлаққа жетіпті. Бірінші көңілге қонбағаны жалақының қысқаратынында екен.

Мұрат ЕЛШІБАЙ, МЕКТЕП КҮЗЕТШІСІ:

«Іскер» деген жеке компанияға өткізейін деп жатыр. Ол іскер «Іскер» компаниясы біздің айлығымыз 85 мың теңге болса ол 62 мың берейін деп жатыр бізге. Бізді алып не дейді жекеге өтіңдер, өтпегендерін шығарып жатыр.

Мектеп күзетшілері жалақының азайғанынан басқа бірнеше мүмкіндіктен қағылатын түріміз бар деп қынжылуда.

Өсербай ТОРТАЕВ, МЕКТЕП КҮЗЕТШІСІ:

Жылдағы берілетін еңбек демалысы болмайды деді. Ауырған жағдайда ауру қағазы больничный лист дейміз ба ондай жүрмейді, төленбейді деді.  Медициналық сақтандыру дейміз ба олардың бәрі жүрмейді деді.

Марлен НҰРМАНБЕТОВ, МЕКТЕП КҮЗЕТШІСІ:

Біз түсінбейміз. Бұл жерде таза коррупция боп тұр ғой.. қолынан келгендер бізді қанап отыр қарапайым халықты. Дым таппай қалғандай минимальныйй айлық алып отқан қарауылдарға қарап қалды күндері. ..

Түлкібас ауданында 56 мектеп болса соның 30-ның күзетшілері әрі-сәрі күйде жүр. Білім саласындағылардың мәліметінше, бұл талап бала саны 300 ден асатын мектептерді мамандандырылған күзет агенттіктеріне өткізуден шығып отыр екен. Жиында жергілікті күзетшілерге басшылық ететін азаматың өзі төбе көрсете қоймады. Конкурста жеңіп шыққан компания өкілі өздері сенім артқан өкілдің атына айтылған сыннан хабарсыз көрінеді. Ал жалақының азайып кетуіне өз уәжі бар.

Болысбек ҚАРАҚҰЛОВ, КҮЗЕТ АГЕНТТІГІНІҢ ӨКІЛІ:

Әрбір мектепке бөлінген 308 мың болып отыр. Оның ішінде 12 пайызы НДС дейміз, енді жалақы осыған байланысты мен есептеп берсем 70 700 теңге бір күзетшіге бөлініп отыр. Оның ішінде қолма қол атаныны -62 мың 77 теңге боп отыр. Оның ішінде зейнет қоры бар. Бұл қарадат біліп отырмын что барлықтарыңызға аз екенін... біз берген бағаға есеп шығарып отырмыз..

Компания өкілі жаңа жылға дейін 62 мың теңгеге қанағат қыла тұруға шақырды. Ал Түлкібастағы мектептердің күзетіне жауапты тұлғаны өз араларынан ұсыну туралы да бастама көтерілді.

Ержан ҚАДІРБЕК, ТҮЛКІБАС АУДАНДЫҚ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ:

Бірінші кезекте осы жұмыс жасап жатқан қызметкерлерді жұмысты әрі қарай жалғастыру мәселесі. Бізбен еңбек шартын тоқтатып, осы мекемемен әрі қарай еңбек шартын жасасуды біз басты талапқа қойдық.

Білім бөлімінің мәліметінше, жеңімпаз компаниямен 3 айға келісім шарт жасалуда. Бөлінген қаржы 30 млн теңге. Ауданда жалпы 33 нысан мамандандырылған күзеттің басқаруына өткен. Ал жоғарыда айтылғандарға наразы топтың бірәзі келіскенмен, дені – өз бидайымызды өзімізге қуырып берді ма деген оймен тарапты. Олар үш айға шыдағанмен келер жылдағы жағдай қалай болады деп бастары қатып отыр.