Спорт Қазақстан
$443.44 €480.51 ₽4.88
×

«Астана» телеарнасында «ЕЛМЕН БІРГЕ» атты жаңа хабардың тұсауы кесілді

06.10.2023ж. 20:00
1002
«Астана» телеарнасында «ЕЛМЕН БІРГЕ» атты жаңа хабардың тұсауы кесілді

Бүгін «Астана» телеарнасында «ЕЛМЕН БІРГЕ» хабары көрерменге жол тартты.

Жаңа тележоба қысқа метражды деректі фильмдер желісінен тұрады. Әрбір фильмде өңірлердегі шынайы өмір көрсетіледі. Қала, аудан, ауыл мен шалғайдағы елдімекен халқының бір күндік тіршілігі, олар баяндаған оқиғалар бей-жай қалдырмайды. Жергілікті жердегі түрлі әлеуметтік мәселелер көтеріледі. Әр жұма сайын 15.30-да «Астана» арнасында «ЕЛМЕН БІРГЕ» хабарын көріңіздер.