Спорт Қазақстан
$443.44 €480.51 ₽4.88
×

"Олар да біз сияқты": Жахан Отарғалиев жаңа фильмі жайлы айтты

AstanaTV
09.10.2023ж. 14:27
530
"Олар да біз сияқты": Жахан Отарғалиев жаңа фильмі жайлы айтты

Актер Жахан Отарғалиев жақында көпшілікке жаңадан фильм ұсынған болатын. Өнер иесі Қызық TIMES бағдарламасына "Жол" фильмінің актерлерімен бірге келіп, түсірген киносы жайлы түсіндіріп берді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Біз көзі көрмейтін жандарды ойнаймыз. Бұл фильм арқылы не жеткізгіміз келді? Қоғамда сондай кісілер бар ғой. Олар да біз сияқты әзілдейді, күледі, қарапайым өмір сүргісі келеді. Бұл жерде оқиға бөлек. Үй алғысы келіп, өтірік соқыр болып жүрген жігіт шын зағип жандардың арасына түсіп қалады. Жалпы, біздің елде үй алу, үйлі болу мәселесінің қаншалықты қиын екенін, өтіріктің қаншалықты зиян екенін көрсету және зағип жандарды қоғамда бізбен бірдей деңгейде жүрсе екен деген мақсатта түсірдік", - деді Жахан Отарғалиев.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін Балжан Бидаш Жахан Отарғалиевпен ажырасқанын ресми түрде растады.

"Сіздер шындықты білуге лайықтысыздар. Осы уақытқа дейін біз үшін алдаңдап жатқандарыңызға рахмет. Сондықтан "рас па, өтірік па" деген ақпаратты "Біз екі жаққа кеттік" деп растаймыз. Өмір болған соң біз күтпеген жағдайлар болады екен. Әркім өзінше бақытты болатынына сенемін", - деп жазған болатын Балжан Бидаш.