Спорт Қазақстан
$442.05 €474.14 ₽4.74
×

Қызылжарда жас спортшы жаттығу алаңында көз жұмды

17.10.2023ж. 20:00
607
Қызылжарда жас спортшы жаттығу алаңында көз жұмды

Қызылжарда жас спортшы жаттығу алаңында қайтыс болды. Жігіттің кеудесіне қатты соққымен доп тиген. Бірақ, оған ол онша мән бермесе керек. Тағы бірнеше қадам жасаған. Артынша құлап, есінен айырылып қалды. Жігіт дереу ауруханаға жеткізілгенімен, аман алып қалу мүмкін болмаған. Жүрегі тоқтап қалған. Қазір полицейлер бұл жағдайға қатысты қылмыстық іс қозғап, тергеу амалдарын қолға алды.

Нұрбек БАЕКИН, СҚО ПД БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІНІҢ ҚЫЗМЕТКЕРІ:

Аталған факті ҚР ҚК-нің 001-бабы ("Адамның қайтыс болуы") бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде тіркелген. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Істің барлық мән-жайларын зерттеуге бағытталған сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр, оның нәтижелері бойынша түпкілікті процестік шешім қабылданатын болады.