Спорт Қазақстан
$441.58 €480 ₽4.86
×

Ақтөбенің Қарғалы ауданы Әлімбет ауылында халық жылусыз отыр

27.10.2023ж. 20:00
598
Ақтөбенің Қарғалы ауданы Әлімбет ауылында халық жылусыз отыр

Ақтөбенің Қарғалы ауданы Әлімбет ауылында тұрғындар жылусыз отыр. Биыл жазда ауылға көгілдір отын кіреді деп, халық ескі ошақтарын бұзып, газ құбырын жүргізуге дайындалған. Өңірде қар жауып, күн салқындап кетті. Ал ауылға әлі газ берілген жоқ.

Бауыржан Қарағұлов ауылға газ кіреді дегенді естіп, үйіндегі ескі ошақты бұзып тастап, бар ақшасына құбыр жүргізген. Енді күн салқындаған сайын, үйдің бүкіл құбыры қатып қала деп қорқып отыр.

Бауыржан ҚАРАҒҰЛОВ, АУЫЛ ТҰРҒЫНЫ:

Осының бәрі қорқасын қатып қала ма деп. Қаншама ремонт кредит алдық. 1,5 млн жарым. Сырттан газ кіргізген ақшасы документі бар. Енді аяз болса 7,8 градусқа шыдап тұр. Мынаумен арасында жылыта алмай қаламыз. 15 градус аяз болса болды. Бәрі қатады.

Бұл Әлімбет ауылында екі жүз елуге жуық түтін бар. Халық биыл газ кіреді деп жылдағыдай отын дайындап, көмір сатып алмаған. Мыңнан астам тұрғынның бірі үйді тоқ пешпен жылытса, енді бірі газ плиткасын ашып қойып, жан бағуға мәжбүр.

Гүлзада ОРЫНБАЕВА, АУЫЛ ТҰРҒЫНЫ:

Бізге газ керек. Тонып отырмыз. Кіттай балалар бар. Мен өзім пенсионермін. Көмірде алмадық газ кіреді деп. Тонып отырмыз. Бір комнатада бір обогреватель қосып отырмыз.

Сисенбай ЖҰМАБАЕВ, АУЫЛ ТҰРҒЫНЫ:

Трубаларды ешкім тексермеді. Уже аяз. Су қатып жатыр. Кругом обогреватель қосып қойдық. Келінім кешті алып тастады. Малдң басын үйітетін грелкамен баллон кіргізіп жылынып отыр. Немерелерім бар.

Бұл ауылға газ тартуды мердігер мекеме наурыз айында бастаған. 1млрд 200 млн теңге қаражат жұмсалды. Бірақ жаз кезінде сапасыз материалдың кесірінен құрылыс жұмыстары тұралап қалған.

Мейрамбек МЫСАЕВ, АУЫЛ ӘКІМІ:

Биыл пешті бұзбай тұра тұрындар мүмкіндік болса деп айттық. Халық газ деген әр түрлі келеді. Олар тапсыратын еді. Августа бір ай материалдан проблема болып қалды. Әйтпесе ауыл ішінде бәрі дұрыс

Қазір Ащысай ауылы мен Әлімбет елдімекені арасында жүргізілген газ құбырынан ақау кетіп, газ беру жұмыстары тоқтап тұр.

Нұртай СЕРТАЕВ, ОБЛЫСТЫҚ ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ ТҮКШ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Обпрессовка кезінде газ провод бойында утечка пайда болып оны қазір жөңдеу жұмыстарын райгаздың адамдары жүргізіп жатыр. Сол байқалған кемшіліктерді жою жүргізілуде. Барлығы толығымен жойылғаннан кейін газ берілетін болады.

Шенділер ауылға екі аптаның ішінде көгілдік отын беріледі деп сендірді. Ал халықтың күтуден басқа амалы болмай тұр.