Спорт Қазақстан
$441.58 €480 ₽4.86
×

Сұлтан Заурбек аргентиналық боксшыны нокаутпен жеңді

AstanaTV
11.11.2023ж. 12:05
1018
Сұлтан Заурбек аргентиналық боксшыны нокаутпен жеңді

Қазақстандық боксшы Сұлтан Заурбек аргентиналық Серхио Мартин Сосамен жұдырықтасты. Бұл жекпе-жек екінші жеңіл салмақта өтіп, қазақстандық боксшының жеңісімен аяқталды.

Қазақстандық боксшы қарсыласын алтыншы раундта техникалық нокаутқа түсірді, оған дейін аргентиналық боксшы екі рет нокдаун алды.

Бұл Сұлтан Заурбектің кәсіпқой мансабындағы он алтыншы жеңісі. Ал Серхио Мартин Соса төртінші рет жеңілді. Бұған дейін Зәуірбек WBO «еуропалық» және WBC жастар белбеуін жеңіп алған болатын. Сондай-ақ шетелдік журналистер мен комментаторлар Сұлтан Заурбекті «жаңа Геннадий Головкин» және «Қазақ патшасы» деп атады.