Спорт Қазақстан
$442.05 €474.14 ₽4.74
×

Қызылжарда ұлттық ұланның сарбазы оққа ұшты

13.11.2023ж. 20:00
638
Қызылжарда ұлттық ұланның сарбазы оққа ұшты

Қызылжарда ұлттық ұланның сарбазы оққа ұшты. Сержант Виталий Чужиковке әскери операция кезінде оқ тиіп, ауруханаға жеткізілген. Алайда, ол көп ұзамай көз жұмды. Бұл жағдайға қатысты әскери прокуратура қылмыстық іс қозғады. Қазір тергеу жүріп жатыр.

Мейіржан ҚАСИМЖАНОВ, ПЕТРОПАВЛ ГАРНИЗОНЫНЫҢ ӘСКЕРИ ПРОКУРОРЫ:
ҚР ІІМ орталық әскери тергеу басқармасының Петропавл тобымен ҚР қылмыстық кодексінің 462 бабы екінші бөлігіне қарасты қылмыстық іс басталды. Бүгінгі таңда қылмыстық іс бойынша тергеу амалдары жүріп жатыр. Тиісті сот сараптамалары тағайындалды. ҚК 201 бабына сәйкес қылмыстық іс бойынша басқа ақпарат жария етілмейді.