Спорт Қазақстан
$441.58 €480 ₽4.86
×

Жалғас Жұмағұловтың қарсыласы ауысты

AstanaTV
20.11.2023ж. 16:17
427
Жалғас Жұмағұловтың қарсыласы ауысты

Қазақстандық файтер Жалғас Жұмағұловтың Naiza 55 турниріндегі қарсыласы ауысты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ

Naiza промоушенінің Instagram-дағы ресми парақшасына сілтеме жасап. Ережесіз жекпе-жек шебері қазақстандық Жалғас Жұмағұлов (14-9) 6 желтоқсанда Naiza 55 турнирінде бразилиялық файтер Яго Рибейроға (12-3) қарсы жұдырықтасу керек еді. Алайда Рибейро денсаулығына байланысты октагонға шыға алмайды. Бразилиялық файтер шұғыл түрде көзіне ота жасатуы керек екен. Десе де Жалғас Жұмағұловқа қарсылас жылдам табылды. 6 желтоқсан қазақстандық файтерге қарсы октагонға жапониялық Накамура шығады. Еске салайық, Жалғас Жұмағұловтың соңғы жекпе-жегі 24 маусым UFC промоушенінде болған еді. Аса жеңіл салмақ тұжырымында америкалық Джошуа Ваннан төрешілердің шешімі бойынша есе жіберді.