Спорт Қазақстан
$442.05 €474.14 ₽4.74
×

Жамбыл облысында 4 жасар баланың басы көліктердің арасына қысылып қалды

AstanaTV
24.11.2023ж. 15:21
1220
Жамбыл облысында 4 жасар баланың басы көліктердің арасына қысылып қалды

Жамбыл облысында екі көліктің арасында қалған бала бас-ми жарақатын алды, деп хабарлайды ІІМ Telegram-дағы ресми жаңалықтар арнасында.

ІІМ мәліметінше, жол-көлік оқиғасы Қордай ауданында болған.

"Төрт жасар бүлдiршiн екі көліктің арасына түсіп, бас-ми жарақатын алды. Ұлын балабақшадан алып бара жатқан анасы басқа көлікті байқамай қалған", - делінген хабарламада.

Полиция ата-аналарға үндеу жасап, балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, ықтимал қауіптердің алдын алу және баланы олардан қорғау ата-ананың басты міндеті екенін еске салды.