Спорт Қазақстан
$439.43 €473.31 ₽4.82
×

Мөлдір Әуелбекова ұлының туған күніне құны 60 млн теңге болатын сыйлық тарту етті

AstanaTV
27.11.2023ж. 15:23
1905
Мөлдір Әуелбекова ұлының туған күніне құны 60 млн теңге болатын сыйлық тарту етті

Әнші Мөлдір Әуелбекова ұлының туған күніне бағалы сыйлық сұрағанын айтты. Өнер иесі Instagram парақшасында Салтайдың арманын орындап, құны 60 млн теңгенің сыйлығын тарту еткен, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Әуелбекованың айтуынша, ұлы Салтай туған күніне дейін керек сыйлығын сұраған.

"Өзім уәде еткенімді орындап, жаман үйретіп қойыппын. Есесіне, балам сыйлығын алатынына сенімді. Қатты қобалжып жүрмін. 60 млн теңге оңай емес", - деп жазған болатын әнші. Мөлдір Әуелбекова.

 Ал бүгін өнер иесі ұлы Салтайдың 7 жасқа толған туған күнінің құрметіне 40 адамға дастархан жайып, шоу бағдарлама ұйымдастырған. Сонымен қатар әнші ұлына уәде еткен 60 млн теңгелік сыйлықты тарту еткенін айтты.

"Ұлымның туған күнін атап өттік. 40 қонақ шақырып, бес сағатқа созылған шоу бағдарлама болды. Сондай-ақ менен құны 60 млн теңге болатын сыйлық", - деп жазды әнші Instagram парақшасында.