Спорт Қазақстан
$443.44 €480.51 ₽4.88
×

Былтыр әлемде 136 мың бала қызылшадан қайтыс болған

AstanaTV
27.11.2023ж. 21:50
942
Былтыр әлемде 136 мың бала қызылшадан қайтыс болған

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) мәліметіне сүйенсек, былтыр әлемде қызылшадан болған өлім-жітім саны 43 пайызға өскен. Сондай-ақ өткен жылы 37 елде тіркелсе, 2021 жылы 22 елде тіркелген, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Euronews порталына сілтеме жасап.

2022 жылы қызылша жұқтырған балалардың жалпы саны 9 миллионға жетті, оның 136 мыңы өліммен аяқталды. Әсіресе кедей елдерде ауру мен өлімнің жоғары деңгейі байқалады.

"Қызылша ауруы COVID-19 пандемиясы кезінде иммундау деңгейі соңғы 15 жылдағы ең төменгі деңгейге дейін төмендеген кезде күрт көбейді. Өлім-жітімнің басым бөлігі аурудың асқынуынан, соның ішінде энцефалиттен, дененің қатты құрғап кетуінен, тыныс алудың ауыр проблемаларынан және пневмониядан болады. Асқынулар көбінесе жас балалар мен 30 жастан асқан ересектерде кездеседі", - дейді мамандар.