Спорт Қазақстан
$441.58 €480 ₽4.86
×

Царукян UFC турнирінде Дариушты бірінші раундта нокаутқа түсірді

AstanaTV
03.12.2023ж. 14:50
961
Царукян UFC турнирінде Дариушты бірінші раундта нокаутқа түсірді

UFC on ESPN 52 турнирінің басты жекпе-жегі Американың Остин қаласында өтіп, Арман Царукян (Армения) мен Бенеил Дариуш (АҚШ) жекпе-жекке шықты. Бұл жекпе-жек титулға талас үшін болған жоқ, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Жекпе-жек жеңіл салмақта өтті. Ол небәрі бір минутқа созылды. Царукян қарсыласының басынан дәл соққы жасап, оны нокдаунға түсірген. Ал артынша Арман жерге құлаған қарсыласын жерден тұрғызбай ұра бастады - ақыры рефери жекпе-жекті тоқтатты. Бұл Царукянның үшінші рет қатарынан жеңісі. Дариуш болса бұл жекпе-жекте екінші рет қатарынан раунд біткенге дейін ерте ұтылды. Айта кетейік, жекпе-жек кезінде титул үшін күрес болған жоқ. Сондай-ақ шоу аясында басты кездесуге дейінгі жекпе-жекте Джалин Тернер бірінші раундта Бобби Гринді жеңген болатын.