$447.25 €485.18 ₽4.96
×

Деструктивті діни ағым жақтаушысынан 5 келі марихуана тәркіленді

AstanaTV
07.12.2023ж. 15:00
1124
Деструктивті діни ағым жақтаушысынан 5 келі марихуана тәркіленді

Түркістан облысы полиция департаментінің экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері есірткі құралдарын заңсыз сақтады деген күдікпен Кентау қаласының тұрғынын ұстады.

Күдіктіні тексерген тәртіп сақшылары полиэтилен пакетке салынған есірткі затына ұқсас ерекше иісі бар 10 ораманы тапты. Ал, пәтерін тінту барысында 17 қағаз және полиэтилен пакет орамасын, 41 сіріңке қорабы мен шыны ыдысқа салынған есірткіге ұқсас заттарды тәркіледі. Сондай-ақ 6 банка мен 1 пакетке салынған есірткі тұқымына ұқсас зат, 9 түп есірткісі бар өсімдік және 1 патрон алынды.

«Аталған фактіні полицейлер ҚР ҚК-нің 296-бабы «Өткізу мақсатынсыз есірткі заттарымен, психотроптық заттармен, олардың аналогтарымен заңсыз жұмыс істеу» мен ҚР ҚК-нің 297-бабы «Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу» бойынша тіркеді. Белгіленген сараптамаға сәйкес, алынған заттар жалпы салмағы шамамен 5 келі болатын «марихуана» есірткісі болып шықты. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Күдікті қамауға алынды» - делінген Түркістан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.