Мелодрама

Жібек

Ауылда туып өскен Жібек есімді бойжеткен институтқа түсу үшін астанаға келеді. Алыс туысы Талғат ағасының үйіне тоқтағандықтан барлығы ойдағыдай болып көрінген. Мадина мен Динара атты екі қыз өсіріп отырған отбасы Жібекті өте жылы қабылдайды. Алайда, көп ұзамай Жұлдыз тәте мен оның үлкен қыз Мадина бойжеткенге қыр көрсете бастайды. Тек қыздардың кішісі Динара мен осы үйдің әжесі Жібекті қорғаштап жүреді. Екі бойжеткеннің үлкені Мадина Мирас есімді жігітпен атастырылған. Бірақ, Жібекті жолықтырған Мирас Мадинаға үйленуден бас тартады. Кездейсоқ жағдайда танысып қалған екеудің ара қатынасы үлкен махаббатқа ұласады. Кейіпкерлер өз махаббаттарының беріктігін дәлелдеу үшін тағдырдың түрлі сынағынан өтеді...