Спорт Қазақстан
$449.58 €486.94 ₽4.86
×
Отандық телехикая

Күлпәштің хикаялары

Бұған дейін «Шымкент шоу» театры арқылы әзілсүйер қауымға танылған Күлпәштің әдемі әзілдері мен шым-шытырық хикаяларына куә бола аласыздар. Ол үшін театрға барудың қажеті жоқ, театр сіздің үйіңізге келеді. Мұндай мүмкіндікті сіздерге «Астана» арнасы ұсынады. Жоқтан барды құрайтын, ененің қадірін білетін, абысынмен тату, үйдің тірлігін ұршықтай үйіретін Күлпәштың сіз білмейтін жаңа хикаяларын жаңа жобадан тамашалай аласыздар. Ауылдың өмірімен біте қайнасып кеткен Күлпаштың өмірі әзіл-қалжыңға толы. Ол үнемі көрермендерді күлкіге қарық қылатын оқиғалардың ортасында жүреді. Аңқаулығының кесірінен түрлі тосын жағдайларға тап болғанымен, адалдығының арқасында абыройын сақтап қалады. Қысқасы, Күлпәштің мың күнге татитын әр күніне осы жоба арқылы куә боласыздар. Айтпақшы, «Келіннің соңы» телехикаясында Ананди образымен жақсы таныс Авика Гор да осы жобаның түсіріліміне қатысып, Күлпашпен келін болудың сырымен бөліседі.

Өткен шығарылымдар