Біздің жаңалықтар

Қорытынды жаңалықтар 20:00
05 қаңтар, 20:05
Президент Жарлығымен екі министрліктің құзыреттері қайта бөлінеді
05 қаңтар, 20:00
Президент Жарлығымен екі министрліктің құзыреттері қайта бөлінеді
Президент Жарлығымен екі министрліктің құзыреттері қайта бөлінеді. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Шахан тұрғындарына халықтан жиналған гуманитарлық көмектің алғашқы легі жетті
05 қаңтар, 20:00
Шахан тұрғындарына халықтан жиналған гуманитарлық көмектің алғашқы легі жетті
Шахандағы апат орын алған үйдің жанынан жаңа қазандық орнатылып, демалыс күндері жылу беріле бастайды. Бұл туралы Шахтинск қаласының билік өкілдері хабарлады.
Мәжіліс депутаттары Шахандағы жағдайды бақылауға алатын болды
05 қаңтар, 20:00
Мәжіліс депутаттары Шахандағы жағдайды бақылауға алатын болды
Бүгін елді мекенге Парламент өкілдері арнайы атбасын бұрды. Олар ең бірінші кезекте тұрғындардың орталықтандырылған қазандық салу туралы ұсыныстарын үкіметке жеткізетінін мәлімдеді.
Көп қабатты үйлердегі дербес жылу қазандықтары қадағалауда болады
05 қаңтар, 20:00
Көп қабатты үйлердегі дербес жылу қазандықтары қадағалауда болады
Елімізде көп пәтерлі тұрғын үйлердің 25 пайыздан астамы орталық жылу беру жүйесіне қосылмаған. Осыған орай бұл санаттағы үйлердің жылу жүйесі жергілікті атқарушы билік арқылы қатаң тексерілетін болды.
Астанада Сарыарқа ауданы әкімінің орынбасары ұсталды
05 қаңтар, 20:00
Астанада Сарыарқа ауданы әкімінің орынбасары ұсталды
Жемқорлықпен күрес ұлттық бюросының мәліметіне сүйенсек, ол «Астана тазалық» серіктестігінің бұрынғы басшысымен бірігіп екі бірдей компанияға құрылтайшылық жасаған.
Оралда саяжай тұрғындары жылусыз отыр
05 қаңтар, 20:00
Оралда саяжай тұрғындары жылусыз отыр
Қыстың көзі қырауда Оралдағы саяжай тұрғындары от жағылмайтын үйде тоңып отыр. Олар мұның себебін үйлеріне газдың уақытылы кіргізілмеуімен байланыстырады. Ал мердігерлер болса, орын алған қиындыққа тұрғындардың өздері кінәлі, дейді.
Атырауда салынғанына жарты ғасыр болған апатты үйдің тұрғындары алаңдап отыр
05 қаңтар, 20:00
Атырауда салынғанына жарты ғасыр болған апатты үйдің тұрғындары алаңдап отыр
Олар бүгін қала әкімдігінің ғимаратына жиналды. Тұрғындардың сөзінше, желтоқсан айында үйдегі бір подъездің төбесі опырылып құлаған.
Түркиядағы терактіге байланысты қазақстандықтардың ұсталғаны туралы ақпарат тексерілуде
05 қаңтар, 20:00
Түркиядағы терактіге байланысты қазақстандықтардың ұсталғаны туралы ақпарат тексерілуде
Бұл туралы СІМ хабарлады. Бұған дейін Түркияның Dogan агенттігі шабуылға қатысы бар деген күдікпен 40 шақты адамның ұсталғанын, олардың арасында Қазақстан азаматы да бар екенін хабарлаған.
Марин Ле Пен еуроның орнына экюді енгізуді ұсынды
05 қаңтар, 20:00
Марин Ле Пен еуроның орнына экюді енгізуді ұсынды
Бұл туралы Рейтерс хабарлады. Ле Пеннің сөзінше, ортақ валютамен қатар ұлттық валютаның болуы француздардың өміріне кері әсерін тигізбейді.
Жедел жәрдем қызметіне негізсіз жүгінгендер жауапкершілікке тартылуы керек
05 қаңтар, 20:00
Жедел жәрдем қызметіне негізсіз жүгінгендер жауапкершілікке тартылуы керек
Қалалық денсаулық сақтау басқармасының дерегінше, жаңа жылдық демалыста күніне 4,5 мың шақырту түскен. Оның 30-40 пайызы дәрігер көмегін қажет етпейтін болмашы ғана ауру түрлері болып шыққан.
Мәжіліс депутаттары «Ақсай нан» ұжымымен кездесті
05 қаңтар, 20:00
Мәжіліс депутаттары «Ақсай нан» ұжымымен кездесті
Кездесу барысында мәлім болғандай, егер өнім құнын көтермесе, талай жылдық тарихы бар комбинат шығынға батуы мүмкін.
Қазақстан туристерді қызықтыратын 52 елдің қатарынан көрінді
05 қаңтар, 20:00
Қазақстан туристерді қызықтыратын 52 елдің қатарынан көрінді
Американың «New York Times» басылымы 52 мемлекеттің тізімін жасақтап, 2017 жылы туристерге осы елдерге баруға кеңес беріпті. Қазақстан осы тізімде 26-ыншы орында тұр.
Универсиада қарсаңында қылмыстың алдын алу шаралары басталды
05 қаңтар, 20:00
Универсиада қарсаңында қылмыстың алдын алу шаралары басталды
Мұндай шара қала мен оның маңындағы ауылдарды қамтитын болады. Қысқы спорт түрлерінен халықаралық Универсиада Алматы қаласында 29 қаңтар мен 8 ақпан аралығында өтеді.
«Барыс» хоккей клубы жылды жеңіспен бастады
05 қаңтар, 20:00
«Барыс» хоккей клубы жылды жеңіспен бастады
Астаналық хоккей клубы өз айдынында мәскеулік «Спартакты» ұтты.
Қазiр көрiңiздер
  • 20:30
    Новости "20:30" рус


Қаңтар 2017
Дс
Сс
Ср
Бс
Жм
Сн
Жк