Біздің жаңалықтар

Қорытынды жаңалықтар 20:00
23 сәуір, 20:05
Алматыға жақын орналасқан таулы қыраттарда топырақ көшу қаупі алаңдатады
23 сәуір, 20:00
Алматыға жақын орналасқан таулы қыраттарда топырақ көшу қаупі алаңдатады
Бұл туралы География инситутының мамандары ескертеді. Оған шаһар маңындағы елді мекендерде үйлердің ретсіз салынуы өз әсерін тигізіп жатыр.
Қызылжарда қабырғасы құлаған үйдің тұрғындарын әкімдік пәтермен қамтымақ
23 сәуір, 20:00
Қызылжарда қабырғасы құлаған үйдің тұрғындарын әкімдік пәтермен қамтымақ
Өткен демалыс күні ескі үйдің бір қабырғасы опырылған. Абырой болғанда, адамдар аман.
Қарағандыда 5 ай бойы ыстық су болмайды
23 сәуір, 20:00
Қарағандыда 5 ай бойы ыстық су болмайды
Бұл туралы «Теплотранзит Қарағанды» серіктестігінің басшылығы мәлімдеді. Айтуларынша, бұл өзгеріс жөндеу жұмыстарына байланысты.
Армения премьер-министрі Серж Саргсян отставкаға кетті, халық бұл оқиғаны тойлап жатыр
23 сәуір, 20:00
Армения премьер-министрі Серж Саргсян отставкаға кетті, халық бұл оқиғаны тойлап жатыр
Ереванның орталық алаңында ондаған мың адам бұл оқиғаны тойлап жатыр. Бұл туралы Интерфакс хабарлады. Жергілікті БАҚ жазғандай, мерекелік шаралар Арменияның өзге қалаларында да жалғасуда.
Оңтүстік Корея КХДР қарсы "психологиялық соғысты" доғарады
23 сәуір, 20:00
Оңтүстік Корея КХДР қарсы "психологиялық соғысты" доғарады
Яғни шекарада дауыс зорайтқыш арқылы үздіксіз жүретін үгіт-насихат енді болмайды, деп хабарлайды Рейтерс. Мұндай қадам 27 сәуірдегі қос ел президенттерінің кездесуі қарсаңында әскери теке-тіресті тоқтату үшін жасалған.
Астана экономикалық форумы "Global challenges summit" деген жаңа атаумен, жаңа форматта өтеді
23 сәуір, 20:00
Астана экономикалық форумы "Global challenges summit" деген жаңа атаумен, жаңа форматта өтеді
Бүгін Үкіметте Форумды ұйымдастыру бойынша арнайы брифинг өтті. Биыл он бірінші жыл қатарынан ұйымдастырылатын жиын 11 жаһандық мәселені көтереді деп жоспарланған.
"Нұр Отан" партиясының бастамасымен 1000 тегін IT-сынып ашылмақ
23 сәуір, 20:00
"Нұр Отан" партиясының бастамасымен 1000 тегін IT-сынып ашылмақ
Үш жылдық жоба "Цифрлы Қазақстан" бағдарламасы аясында жүргізілмек. Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мұны партия төрағасының бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаев айтты.
АҚШ-тың Ресейге санкциялары әсерінен елде жаңа көліктер құны қымбаттауы мүмкін - Алферов
23 сәуір, 20:00
АҚШ-тың Ресейге санкциялары әсерінен елде жаңа көліктер құны қымбаттауы мүмкін - Алферов
Бұл туралы орталық коммуникациялар қызметінде автомобиль саласындағы кәсіпорындар одағының басшысы Олег Алферов айтты.
Алматыда кеміргіштермен күреске 71 миллион теңге жұмсалады
23 сәуір, 20:00
Алматыда кеміргіштермен күреске 71 миллион теңге жұмсалады
Биыл егеуқұйрықтар мен тышқандарды улау науқанына 71 миллион теңге бөлінген. Шаһардағы 47 мың гектар аумақ дәріленеді.
Ақтөбеде 4 адамды өрттен құтқарған әскери қызметшіге құрмет көрсетілді
23 сәуір, 20:00
Ақтөбеде 4 адамды өрттен құтқарған әскери қызметшіге құрмет көрсетілді
66\55 әскери бөлімінің қызметкері Рысқали Еңсепбаев өртеніп жатқан пәтердегі қарияны құтқарған. Одан соң тағы бір тұрғын мен екі сәбиді де жалын арасынан аман алып шыққан.
Жасотандықтар оралдық оқушылардың мамандық таңдауына көмектесуде
23 сәуір, 20:00
Жасотандықтар оралдық оқушылардың мамандық таңдауына көмектесуде
«Сәтті қадам» партиялық жобасы аясында Оралдағы іргелі кәсіпорындардың бірі «Агран» компаниясында ашық есік күні ұйымдастырылды.
Биыл елде жұмыссыз жастардың саны азайған
23 сәуір, 20:00
Биыл елде жұмыссыз жастардың саны азайған
Бұл туралы "Модернизация жағдайындағы жастарға арналған жаңа мүмкіндіктер" атты баспасөз жиынында айтылды. Қазақстан жастарды жұмыспен қамту бойынша әлемнің 15 озық елдерінің қатарына енген.
Биыл елде 90 мың түп ағаш отырғызылатын болады
23 сәуір, 20:00
Биыл елде 90 мың түп ағаш отырғызылатын болады
Қазақстанда "90 мың ағаш" республикалық акциясы бастау алды. Аталған шара аймақтарды көгалдандыру мақсатында қолға алынған.
Мамыр айында қазақстандықтар 11 күн демалады
23 сәуір, 20:00
Мамыр айында қазақстандықтар 11 күн демалады
Тұрғындар Қазақстан халқының бірлігі күніне орай 29-30-шы сәуір және 1-ші мамыр күндері жұмыс істемейді.
Қазақстан құрамасы хоккейден Будапештте өтіп жатқан турнирді жеңіспен бастады
23 сәуір, 20:00
Қазақстан құрамасы хоккейден Будапештте өтіп жатқан турнирді жеңіспен бастады
Бұл «Барыс» пен ұлттық құраманың қақпашысы Хенрик Карлссонның алғашқы ойыны болып отыр. Швед маманының қақпасына тура бағытталған 28 соққының бірде бірі голға айналған жоқ.
Қазiр көрiңiздер
  • 09:50
    "Қыз кегі" түрік телехикаясы каз


Сәуір 2018
Дс
Сс
Ср
Бс
Жм
Сн
Жк