Біздің жаңалықтар

Қорытынды жаңалықтар 20:00
12 шілде, 20:05
Астана қаласы әкімінің бірінші орынбасары Сергей  Хорошунның үстінен сотқа дейінгі тергеу басталды
12 шілде, 20:00
Астана қаласы әкімінің бірінші орынбасары Сергей Хорошунның үстінен сотқа дейінгі тергеу басталды
Бұл туралы мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі Нұрлан Жахин баспасөз мәслихатында мәлімдеді. Хоршунның үстінен кәсіпкер арызданған.
Мәскеуде білім алған Қазақстан азаматы қамауға алынды
12 шілде, 20:00
Мәскеуде білім алған Қазақстан азаматы қамауға алынды
Оған мұғалімін пышақтады деген айып тағылып отыр. Оны 30-шы тамызға дейін қамауға алу туралы сот шешімі шыққан. Бұл туралы сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы мәлімдеді.
Кәріз құдығына жайылған газдан уланған дәрігер жансақтау бөлімінен шығарылды
12 шілде, 20:00
Кәріз құдығына жайылған газдан уланған дәрігер жансақтау бөлімінен шығарылды
Қазір ол палатада ем қабылдап жатыр. Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз хатшысы Ғалыммұрат Жүкел телефонмен айтты.
Штаттан тыс келісімшарт бойынша жұмыс істейтін жеке тұлғаларға ай сайын зейнетақы жарнасын төлеу міндеттеледі - БЖЗҚ
12 шілде, 20:00
Штаттан тыс келісімшарт бойынша жұмыс істейтін жеке тұлғаларға ай сайын зейнетақы жарнасын төлеу міндеттеледі - БЖЗҚ
«Зейнетақымен қамсыздандыру» заңының 25-бабына енгізілген өзгеріс шілденің 14-де күшіне енбек. Оны төлеу - барлығына міндет.
Павлодарлық зейнеткер жарыққа миллион теңге төлемейтін болды
12 шілде, 20:00
Павлодарлық зейнеткер жарыққа миллион теңге төлемейтін болды
Павлодарлық зейнеткер жарық үшін миллион теңге төлемейтін болды. Сотта оның қарыз емес екені дәлелденді.
Жылу ақысын төлемеген тұрғындар енді сотталуы мүмкін
12 шілде, 20:00
Жылу ақысын төлемеген тұрғындар енді сотталуы мүмкін
Бұған дейін борышкерлер үш тәулікке қамалса, енді үш жылға дейін сотталуы мүмкін. Дегенмен қарызын төлемеген тұрғындар айылын жияр емес. Олар қарызды өндіруші топқа есік ашпайтын болған.
Мемлекеттік қызмет көрсететін орталықтар мен тұрғындар арасында заңсыз жүретін делдалдар күніне 100 мың теңгеге дейін пайда табады
12 шілде, 20:00
Мемлекеттік қызмет көрсететін орталықтар мен тұрғындар арасында заңсыз жүретін делдалдар күніне 100 мың теңгеге дейін пайда табады
Бұл туралы қоғамдық ұйым, жемқорлыққа қарсы бірінші медиа орталығының төрағасы Төлеген Байғұлов мәлімдеді.
"Гранд Астана" ТК тұрғындары мектеп ауласына өткен жерді қайтаруды талап етіп отыр
12 шілде, 20:00
"Гранд Астана" ТК тұрғындары мектеп ауласына өткен жерді қайтаруды талап етіп отыр
Олар көлік өтетін жолдан қағылдық деп қам жеп отыр. Телім кімге тиесілі?
Автобустардың қатысумен болатын жол-көлік оқиғалары азаймай отыр
12 шілде, 20:00
Автобустардың қатысумен болатын жол-көлік оқиғалары азаймай отыр
Жыл басынан бері жолаушылар автобусының қатысуымен болған апаттан 20 адам мерт болған. Оған жүргізушілердің жолда ұйықтап кетуі мен жол ережесін бұзуы себеп.
Астанада алғашқы «татуластырушы судья» пайда болды
12 шілде, 20:00
Астанада алғашқы «татуластырушы судья» пайда болды
Ол талап-арызбен сотқа шағымданғандар ісін қарап, сотқа жеткізбестен дауды шешуге тырысады.
Астаналық құрылыс компаниялары баспана тұрғызуға отандық құрылыс материалдарын қолданады
12 шілде, 20:00
Астаналық құрылыс компаниялары баспана тұрғызуға отандық құрылыс материалдарын қолданады
Мәжіліс депутаттары Елордадан 40 шақырымда орналасқан "Жаңа сервис" зауыты жұмысымен танысты.
Футболдан әлем чемпионатының финалында Франция мен Хорватия кездесетін болды
12 шілде, 20:00
Футболдан әлем чемпионатының финалында Франция мен Хорватия кездесетін болды
Ресейде өтіп жатқан Футболдан әлем чемпионатының финалистері белгілі болды.
Өскеменде өтіп жатқан Азия чемпионатында қазақстандық волейболистер алғашқы жеңіске жетті
12 шілде, 20:00
Өскеменде өтіп жатқан Азия чемпионатында қазақстандық волейболистер алғашқы жеңіске жетті
Өскеменде әйелдер арасындағы волейболдан Азия чемпионаты басталды. Жарыс спорт сарайында өтіп жатыр.
Қазiр көрiңiздер
  • 12:10
    "Абысындар" үнді телехикаясы каз


Шілде 2018
Дс
Сс
Ср
Бс
Жм
Сн
Жк