Павлодар облысында ірі жол-көлік оқиғасынан алты адам қаза тапты

Павлодар облысында ірі жол-көлік оқиғасынан алты адам қаза тапты
27 шілде, 20:00

Павлодар облысында ірі жол-көлік оқиғасынан алты адам қаза тапты. Мерт болғандардың арасында 1 жасар екі бала болған. Сондай-ақ бұл апаттан тағы алты адам зардап шегіп, қазір ауруханада жатыр. Оның үшеуі Павлодардағы медицина мекемесіне жеткізілген.

Облыстық Ішкі істер департаментінің ақпарынша, оқиға Ленин кенті мен Ертіс ауданы тас жолында болған. Қарама-қарсы бағытта келе жатқан «Ауди» маркалы екі көлік бетпе-бет соқтығысады. Көліктерде 12 адам болған. Сегізі ересек, төртеуі бала. Полицейлердің айтуынша, әр көліктегі адамдар өзара туысқан болып келеді. Жүргізушінің қайсысы кінәлі екендігін автотехникалық сараптама анықтайды, - деді тәртіп сақшылары.

Баян Мағзұмова, Павлодар облыстық ІІД баспасөз хатшысы:

Жарақат алған және қайтыс болған адамдар арасында екі Монғолияның адамы болған. Ресей азаматтары болған жоқ. 

Әсемгүл МҰХИТҚЫЗЫ



Смотрите также