Алматыда барахолкадағы өртті сөндіруге тікұшақ тартылды

Алматыда барахолкадағы өртті сөндіруге тікұшақ тартылды
18 тамыз, 20:00

Бүгін Алматыдағы барахолка базары өртенді. Тілсіз жау түс ауа тұтанған. Өрт аумағының тым үлкендігіне байланысты тікұшақтар да тартылған. 90 тонна су сеуіп, ауыздықтауға тырысып жатыр. Қызыл жалынды сөндіруге  төтенше жағдайлар қызметімен қоса, Ұлттық ұланның сарбаздары да жұмылдырылды. Алдын ала мәліметтер бойынша, от "Олжа" базарының қоймасынан шыққан. Аумағы 3000 мың шаршы метрді құраған. Сатушылар жалынның қаупіне қарамастан, тауарларын сақтап қалуға тырысып жатыр.

Машинаны кіргізген жоқ. Тауарды алып кете алмаймыз. Өрттің не үшін болғанын білмейміз. Келіңдер деді. Тасыңдар деді. Қайда тасисың? Апаратын жер де жоқ.