Алматыда көлік төрт адамды қағып өлтірді

Алматыда көлік төрт адамды қағып өлтірді
23 қыркүйек, 20:00

Алматыда жантүршігерлік апаттан 4 адам қаза тапты. Жол-көлік оқиғасы Рысқұлов даңғылының бойында болған. Полицейлердің дерегінше, BMW көлігі батысқа қарай қатты жылдамдықпен келген. Осы кезде жолды кесіп өтпек болған 4 жолаушыны қағып өткен. Олар оқиға орнында тіл тартпай кетті. Жаяу жүргіншілердің бірі қатты соққыдан даңғылдың қарсы бағытындағы жолаққа ұшып кетіп, Lexus көлігінің астына түскен. Бұл көліктің жүргізушісі оқиға орнынан із жасырғанымен, бүгін ол да ұсталды. Мұны Ішкі істер департаментінің өкілдері айтты.

Бұл дерек сотқа дейінгі бірыңғай тергеулер реестрінде тіркелді. BMW жүргізушісі уақытша ұстау изоляторына қамалды. Ал Lexus көлігі жүргізушісінің кінәсі соталды өндіріс барысында жүргізілетін кешенді сараптамалар нәтижесінде анықталмақ.

Ришат АСҚАРБЕКҰЛЫ 



Смотрите также