Шахматтан турнир болып өтті

Шахматтан турнир болып өтті
12 желтоқсан, 20:00

Жабылып ойнағанымен, жеңіс бір ғана ойыншыда. Бүгін осы принциппен Астанада шахмат турниры болып өтті. Швейцариялық жүйе және ФИДЕ тәртібіне сай 11 тур. 6 бірдей жас ерекшелікке сай 100-ге жуық ойыншы жиналған. Шахматшылардың дәрежесі классикалық, рапид және блиц деп үш категория бойынша анықталатыны белгілі.

Ел тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай өтіп жатқан турнирде бірсыпыра беделді ойыншылар болды. Солардың бірі - «Шахмат Оскарын» иемденген Анатолий Карпов, гроссмейстерлер Дәрмен мен Динара Сәдуақасовалар және Жансая Әбдімәлік.

Жансая Әбдімәлік, шахматшы, әйелдер арасында гроссмейстер:

Старттық парақты көрдім, жақсы ойыншылар бар екен. Көбін танимын. Бала кезімде олармен ел чемпионатында ойнағанмын. Олардың менімен ойнағысы келетін шығар, бірақ бүгін реті келмейді ме деп ойлаймын.