Белгілі публицист Александр Тараковтың «Қазақстандық мінез» атты кітабының тұсаукесері өтті

Белгілі публицист Александр Тараковтың «Қазақстандық мінез» атты кітабының тұсаукесері өтті
13 желтоқсан, 20:00

Белгілі публицист Александр Тараковтың «Қазақстандық мінез» атты кітабының тұсаукесері өтті.  Ел егемендігінің 25 жылдығы қарсаңында жарық көрген туындының оқырманға ой салып, өскелең ұрпақтың тәрбиесіне қосар үлесі зор. Жинақ бір күндік еңбек емес. Александр Юрьевичтің соңғы 25-30 жылда жазған материалдарының бір қорытындысы. «Бұл кітапта қызметіне адал қарап, аянбай тер көккен жандардың өмір жолы мен жеткен жетістіктері боямасыз жазылған», - дейді автор.

Александр Тараков, публицист, ҚР Жазушылар одағының мүшесі:

Қазақстандық мінез - бұл бірегей құбылыс. Себебі ол бойына біздің елде тұратын көптеген ұлт пен ұлыс өкілдерінің оң қасиеттерін жинаған. Мен үшін бұл кітаптың маңыздылығы зор. Журналистік қызметімдегі өзім жазған кейіпкерлерге қайтып орала отырып, біртуар тұлғалардың бар екеніне тағы бір мәрте көзім жетті. Олардың кейбірі - қарапайым қызметте жүріп-ақ, мемлекеттің дамуына үлесін қосқан жандар. Және осы еңбегі үшін бүгін мемлекеттік марапаттар алып жатыр.