Астанада ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған мерекелік концерт өтті

Астанада ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған мерекелік концерт өтті
15 желтоқсан, 20:00

Астанада ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Жетістіктер мен жеңістердің 25 жылы» атты концерт өтті. Мерекелік кешті тамашалауға мемлекет басшысы да келді. Қазақтың халық әндері мен билерінен бастап, әлемдік классика туындыларына дейін орындалды. Мерекелік кеште әлемдік сахна төрінде еліміздің атын әйгілеп жүрген Қазақстанның бетке ұстар майталмандары өнер көрсетті. Сонымен қатар ұрпақтар сабақтастығының символы ретінде жиналған қауым еліміздің бір топ талантты жас музыканттары мен халықаралық конкурс лауреаттарының қойылымдарын тамашалай алды.