«Барыстан» жеңілген «Амур» ХК бапкері жұмысынан айырылды

«Барыстан» жеңілген «Амур» ХК бапкері жұмысынан айырылды
20 желтоқсан, 20:00

«Амур» хоккей клубының жеңілісі «Барыстың» плей-офф аймағына оралуға мүмкіндік берді. Астана командасы Хабаровскде  өткен доданы жеңіспен аяқтады. Бұл қазақстандық хоккейшілердің сырт алаңдағы жетінші ойыны болатын.

«Барыс» әуелден-ақ басымдық танытып, бірнеше рет қарсылас қақпасын торуылдады. Бірақ Хабаровск командасына голкипер қалқан болып, мұз алаңдағы қауіптің бетін қайтарып отырды. Тіпті алаң иелерінің кезекті шабуылы тамаша голмен аяқталды. Біздің «Барыс» соңғы кезеңде барын салып, ойынның орайын тапты. Илья Ковальчуктан оқ бойы оза шауып, қақпаны дәл көздеген Найджел Доус маусымдағы жиырма үшінші голын салды. Есеп 2-1. «Амурдың» бапкері «Бұл ешқандай шеңберге сыймайды» деген қорытынды жасады. Мисхат Фахрутдинов бүгін отставкаға кету туралы  арыз жазып, команда басшылығы  оның өтінішін қабылдапты.