Қ.Бозымбаев: ОПЕК Қазақстаннан 50 мың баррель мұнайды қысқартуды сұрады

Қ.Бозымбаев: ОПЕК Қазақстаннан 50 мың баррель мұнайды қысқартуды сұрады
21 желтоқсан, 20:00

ОПЕК-тің шешімінен соң 20 мың баррель мұнайды қысқартуға міндеттеме алған Қазақстан бұл жұмысты қалай жүргізбек? 20 мың баррель деген сан, жалпы, қайдан шықты? Өндіріс көлемі азайса, жұмыс орындары қысқара ма? Жыл соңына дейін қанша мұнай өндіреміз? Қара алтын бағасы қаншаға көтерілуі мүмкін? Осы және өзге де сұрақтарға «Астана» арнасына эксклюзивті сұхбат берген Энергетика министрі Қанат Бозымбаев жауап берді. Шенеунік сондай-ақ Қашаған кен орнының Қазақстанға қашан пайда бере бастайтынына да тоқталды. Қарашығанаққа қаржы салған инвесторлар дауынан қазақ Үкіметі ұта ма, жаңа жылдан соң бензин бағасында өзгеріс бола ма, деген мәселелерді де айналып өтпеді.

Қанат Бозымбаев, ҚР Энергетика министрі:


ОПЕК елдері 50 мың сұраған қысқартуға Қазақстаннан. Біз өзіміз санап көрдік 20 мен 30 мың баррель арасында қысқартуға болады деп, әсіресе Сауд Арабия королі сұраған, бірақ біз айттық, осындай сандарымыз бар, символика ретінде біз осы мәселені қабылдап жатырмыз деп.

Айгүл Әдепбай бұрын соңды отандық ақпарат құралдарына толыққанды сұхбат бермеген министрді сөзге тарта алды. Қанат Бозымбаевтың «Астана» арнасына берген эксклюзивті сұхбатының толық нұсқасын сенбі күні сағат 20.00-де «Біздің уақыт» бағдарламасынан көре аласыздар.

Айгүл ӘДЕПБАЙ