Иран президенті Хассан Роуханидің сапары

Иран президенті Хассан Роуханидің сапары
24 желтоқсан, 20:00

Астанаға Иран президенті Хассан Роухани келіп кеткен, елең еткізетіні -  «Тенгриньюс» порталының хабарлауынша, Иран шаруалары біздің жерімізде егін егіп, жермен шұғылданады. «Ауыл шаруашылығы бойынша жақсы қатынастың негізін қаладық. Иран Қазақстанда – шекара бойында жермен айналысады. Болашақта біздің шаруалар осы территорияда жер жыртады», деген Иран президенті.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

Қазақстан, Түркіменстан, Иран теміржолы өңірдегі тиімді көлік коммуникациясы болып саналады. Қазақстан тек қана Иранға ғана емес, Парсы шығанағына шығып, сол жердің мемлекеттерімен экономикалық қарым-қатынас жасауға мүмкіндік береді. Бұл жерлерде астық және контейнер терминалдарын Иран аумағында бірлесіп салу жұмысы қолға алынып жатыр.

Ал жалпы алып қарасақ, «Азаттық» порталының жазуына қарағанда, Хассан Роухани еркін сауда үшін Еуразиялық экономикалық одақпен жұмыс істеудің Иранға тиімді екеніне мән береді. Бұл жолғы сапары да осы одақтың 3 еліне – бізге, Қырғыз Республикасы және Арменияға. Мысалы, ...ол Иранды Қазақстанмен байланыстырып жатқан темір жол солтүстік және батыстағы елдермен қатынасты дамытуға себепші болады деп есептейді, -деп жазды. 

Иран келесі жылы ЕАЭО-н еркін сауда жөніндегі келісімге қол қоюға әзір екенін білдірген.

«Азаттықтың» жазуынша, Тегеран экономиканы алға тартқанымен бұл мәселеге саяси жағынан да мән беретіні байқалады. Иран, арасында бұрынғы совет елдері бар, Қытай дa мүше Шанхай ынтымақтастық ұйымы, ЕАЭО тәрізді бірлестіктерді деңгейіне қарамастан «Батысқа қарсы тұратын ұйым немесе батыстық бірлестіктерге балама нысан» ретінде қарастырады.