Еуропада популистік партиялардың дауысы қаттырақ шыға бастады...

Еуропада популистік партиялардың дауысы қаттырақ шыға бастады...
24 желтоқсан, 20:00

Апта басында Берлинде, жаңа-жылдық жәрмеңке ұйымдастырылған жерде ауыр жүк машинасы адамдарды басып-жаныштап, 12 кісі көз жұмған, 50 адам жараланған. Тероршыны бірден ұстай алмады. Аптаның соңында Миланнан тауып, атып өлтірді деген ақпарат тарады.

Германияның канцлері А.Меркель алдағы жылы сайлауға тағы түсетінін жариялаған. Бірақ соңғы уақытта бүкіл Еуропада ұлтшыл, популист партиялардың дауысы қаттырақ шығып, оларды жақтайтын адамдардың да қарасы көбейіп келеді. Франция президенті Ф.Олландтың сайлауда жеңу шансының жоқ екенін түйсініп, сайлауға түспейтінін мәлімдегені сондықтан. Ал Меркельдің шансы қандай? Босқындарды қабылдау, оларға гуманистік тұрғыдан қарау, «ақжүректік»  қарапайым өмірдегідей, ол үшін соққы болып тиюі мүмкін.

Әзімбай Ғали, саясаттанушы:
Неміс халқы Меркельді жақсы көреді. Бірақ олар басқаша дауыс беріп қоюы да мүмкін. Мигранттарға байланысты саясаты ұнамайды деп сызып тастауы мүмкін...Еуро Одақтың ыдырауының мүмкіндігі де осы, миграция мәселесінен.