Ресейде Ту-154 ұшағының апатқа ұшырауына байланысты ұлттық аза тұту күні жарияланды

Ресейде Ту-154  ұшағының апатқа ұшырауына байланысты ұлттық аза тұту күні жарияланды
26 желтоқсан, 20:00

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ту -154 ұшағының апатқа ұшырауына байланысты көңіл білдірді. Ресейде бүгін ұлттық аза тұту күні болып жариялған. Қазақстандықтар да бұл қазаға бей-жай қарамады. Таңертеңнен Ресейдің Алматыдағы консулдығы алдына тұрғындар гүл шоқтарын қойып жатыр. Мемлекеттік ту да төмен түсірілген.

Рейтер агенттігінің мәліметінше, көршілес елде барлық көңіл көтеретін шаралар кейінге шегерілген. Владимир Путин қаза тапқандардың жақындарына көңіл айтып, барлығына тиісті көмек көрсетіледі деп уәде берді. Қорғаныс министрлігіне қарасты ұшақтың мұндай жағдайға тап болуы толық тексерілетін болады.

Еске салайық, құлаған ұшақтың ішінде 8 экипаж мүшесі және 84 жолаушы болған. Қазір Қара теңізде мәйіттерді тексеру жұмыстары жалғасып жатыр. Ал табылғандары Мәскеуге жеткізілді.