Қытай АҚШ пен Тайвань арасындағы әскери келісімге наразылық танытты

Қытай АҚШ пен Тайвань арасындағы әскери келісімге наразылық танытты
26 желтоқсан, 20:00

Қытай Тайваньмен әскери келісімге отырған АҚШ-қа наразылық білдірді. Аспан асты елі, қытай-америка байланысы мен әлемдегі бейбітшілік үшін және Тайваньдағы тұрақтылық үшін, Америкаға талап қойып отыр. Ол - әскери мақсаттағы байланыс пен Тайваньға қару сатуды доғару талабы. Мұны сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Хуа Чуньин мәлімдеді.

Ал Құрама Штаттар мен Тайвань арасындағы әскери келісім туралы заңға 23 желтоқсанда Барак Обама қол қойған. Онда Пентагонның АҚШ пен Тайвань арасындағы әскери айырбас бағдарламасын жоғары деңгейде жүзеге асыруы қажет екендігі жазылған. Қытай, Вашингтон зымыранға қарсы қорғаныстың өлшеусіз жүйесін құруы мүмкін, деп қауіптенеді.

Айта кетейік, Қытай Республикасына енетін Тайвань арал-мемлекеті ретінде жартылай мойындалған ел. Бірақ Қытай оны өз жері деп санайды.