Дәстүрлі Президент атындағы жаңа жылдық шырша болып өтті

Дәстүрлі Президент атындағы жаңа жылдық шырша болып өтті
26 желтоқсан, 20:00

Бүгін 200-ге жуық бала Президент шыршасына қатысты. Биылғы жаңа жылдық шыршаның тақырыбы «EXPO жаңа жылдық алауы» деп аталады. Елдің түкпір-түкпірінен жиналған балаларды Нұрсұлтан Назарбаев видео жолдауы арқылы құттықтады. Қазір Ресей елінде іссапармен жүрген Президент балалардың тәуелсіз елде өсіп келе жатқан бақытты ұрпақ екендерін айтып, ел болашағын сеніп тапсыратын азаматтар болып өсуін тіледі. Айта кетейік, президенттік шыршаға қатысқан 28 бала жетім, 79-ы ата-ана қамқорлығынсыз қалған, 14-і мүмкіндігі шектеулі, 55-і аз қамтылған және көп балалы отбасынан шыққан, тағы 24-і дарынды бала. Қатысушылардың жасы 9-дан 13 жасқа дейін. Балалармен бірге Білім және ғылым министрі мен Астана әкімі шыршаны айналып, ән шырқады.

Санжар Тулекеев, шараға қатысушы:

Жаңа жыл бізге құт-береке, байлық алып келсін. Тауық жылы жақсы өтсін. Осында келгеніме мен өте қуаныштымын.  Нұрсұлтан Назарбаевқа - Президентімізге алғыс айтамын.

Әлия Үсенова, шараға қатысушы:

Жаңа жылда негізі көп ойындар ойналды, ән айтылып, би биленді. Өте керемет болды. Мен сіздерге зор байлық пен зор денсаулық тілеймін отбасыларыңызға. Жаңа жыл құтты болсын!