2017 жылы КВН ойындарының Жоғары лигасында чемпион боламыз – «Спарта» командасы

2017 жылы КВН ойындарының Жоғары лигасында чемпион боламыз – «Спарта» командасы
28 желтоқсан, 20:00

2017 жылы КВН ойындарының Жоғары лигасында чемпион боламыз. Мәскеуде өткен ақтық сыннан күміс жүлдемен оралған "Спарта" командасы келер маусымға осындай мақсат қойып отыр. "Ел егемендігінің 25 жылдығына алтын медаль тарту етеміз деп едік, болмады. Бірақ алдағы ЭКСПО халықаралық көрмесіне дейін бізде мүмкіндік бар",- дейді команда мүшелері. Құрылғанына көп бола қоймаған команда чемпион атанған  қырғызстандық  "Азия MIX"-тен 0,3 ұпайға ғана қалып қойған.

Данияр Жұмаділов, «Спарта» командасының капитаны:

Жоғарғы лигада өнер көрсеткенімізге 3 жыл болды. Осы қысқа уақыттағы бұл 2 финалымыз. Күміс жүлдеге ие болдық. Бз үшін жеңіспен бірдей десек болады. Оңай болды деп айта алмаймын. Соңына дейін барымызды салдық. Бізді үздіктердің сапында болады деп ешкім ойламаған еді. Дегенмен, өзімізге сене білдік. Ең бастысы, көрермен ойынымызды көре отырып, лайықты команда екенімізді көрді.