Түркиядағы терактіге байланысты қазақстандықтардың ұсталғаны туралы ақпарат тексерілуде

Түркиядағы терактіге байланысты қазақстандықтардың ұсталғаны туралы ақпарат тексерілуде
05 қаңтар, 20:00

Түркиядағы терактіге байланысты қазақстандықтардың ұсталғаны туралы ақпарат тексеріліп жатыр. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігі хабарлады. Бұған дейін Түркияның Dogan агенттігі шабуылға қатысы бар деген күдікпен 40 шақты адамның ұсталғанын, олардың арасында Қазақстан азаматы да бар екенін хабарлаған. «Қазір бұл ақпаратты тексеріп жатырмыз. Нәтижесі туралы кейінірек хабарлаймыз», - деді ведомство өкілі.

Еске салайық Жаңа жыл түні қарсаңында Reina түнгі клубына жасалған шабуылдан 39 адам қаза тауып, 70-ке жуығы ауыр жараланған. Рейтерстің хабарлауынша, терактіні ДАИШ экстремистік ұйымы өз мойнына алған. 

Саламат ОМАШ