Марин Ле Пен еуроның орнына экюді енгізуді ұсынды

Марин Ле Пен еуроның орнына экюді енгізуді ұсынды
05 қаңтар, 20:00

"Еуропа елдері еуродан бас тартып, оның орнына экюді енгізуі керек". Франция президенттігіне үміткер, «Ұлттық майдан» партиясының лидері Марин Ле Пен осылай деді. Бұл туралы Рейтерс хабарлады. Ле Пеннің сөзінше, ортақ валютамен қатар ұлттық валютаның  болуы француздардың өміріне кері әсерін тигізбейді. Ал франкқа қайта оралу мәселесі, «Ұлттық майдан» партиясы сайлауда жеңіске жетсе ғана, көтерілуі мүмкін.

Көші-қонға қарсы, Еуроодаққа сыни көзбен қарайтын партия желтоқсанда өткен жергілікті органдарға қатысты сайлауда 27 пайыз дауыс жинаған. Ал президенттік сайлау көктемде өтеді. Үміткерлер қатарында социалистік партия атынан бұрынғы премьер Мануэль Вальс пен министрлер кабинетінің экс-басшысы Франсуа Фийон да бар.   

Саламат ОМАШ