Шымкентте ломбардты тонамақ болған белгісіз тұлға бір адамды жарақаттады

Шымкентте ломбардты тонамақ болған белгісіз тұлға бір адамды жарақаттады
11 қаңтар, 20:00

Шымкентте ломбардты тонаған қарақшы кассирге оқ атқан. 32 жастағы әйелдің жағдайы өте ауыр, дейді дәрігерлер.  Оқыс оқиға бүгін таңғы тоғыз жарымда болды. Ішкі істер департаментінің дерегінше, күдікті азиялық нәсілді, бетіне медициналық маска және көзілдірік тағып алған. Шолақ аңшы мылтығымен ломбардқа баса көктеп кірген ол, касса қызметкерін қорқытып алтын бұйымдар мен ақша беруін талап еткен. Оқ атып, қолына ілінгенін алып оқиға орнынан бой тасалаған. Сол сәтте ломбард ішінде үш әйел адам мен бір күзетші болған, деді департаменттің ресми өкілі.