Ақтауда аққулар қырылды

Ақтауда аққулар қырылды
11 қаңтар, 20:00

Ақтауда аққулар қырылып жатыр. Каспий жағасында бірнеше құстың өлексесі табылды. Бұл осы қыста болған екінші жағдай болып отыр. Әзірге олардың неден өлгені анықталған жоқ. Экологтардың айтуынша, бір қыста әдетте 1-2 аққу өледі, ал 5 бірдей аққудың өлімі жаппай өлім болып есептеледі. Мамандар бірнеше нұсқасын айтып отыр.

Кирилл Осин, «Эко Маңғыстау» ҮЕҰ директоры:

Бұл құс тұмауы сияқты инфекциялық ауру болуы мүмкін. Бізде бірнеше жыл бұрын мұндай жаппай өлім болған. Ресейде жүздеген құс қырылды. Себебін анықтау үшін сараптама жүргізіп, өлекселерді зерттеу керек.