«Париж Құдай Анасы соборы» балетінің қойылымына дайындық қызу жүріп жатыр

«Париж Құдай Анасы соборы» балетінің қойылымына дайындық қызу жүріп жатыр
13 қаңтар, 20:00

«Астана Опера» 2017 жылғы алғашқы гастроліне шығуға әзірленіп жатыр. Өнер ұжымы әйгілі «Париж Құдай Анасы соборы» балетімен Ресейге жол тартады. Француз стиліндегі балет астаналық өнерпаздардың орындауында алғаш рет Санкт-Петербордағы Мариинский театрында сахналанады.

Әлемдік классиканың інжу-маржаны саналатын туындыны мінсіз орындау үшін қазір «Астана Опера» балет труппасы тынымсыз дайындық үстінде. Француз композиторы Морис Жаррдың «Париж Құдай анасы соборын» алдымен елордалықтар тамашалайды. Ал 1 және 2 ақпан күндері аты аңызға айналған спектакль Мариинский театрында Ресейдің талғампаз көрерменіне ұсынылады.