ЭКСПО көрмесі қарсаңында «Әміре Парижде» атты кітаптың тұсаукесері өтті

ЭКСПО көрмесі қарсаңында «Әміре Парижде» атты кітаптың тұсаукесері өтті
01 ақпан, 20:00

Астанада «Әміре Парижде» атты ерекше кітаптың тұсаукесер рәсімі өтті. Бұл еңбек қазақтың әнін айдай әлемге танытқан дәстүрлі әнші Әміре Қашаубайұлының 130 жылдығына орай шығарылған. Әрі ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесі қарсаңында елге жасалған тамаша тарту болғалы тұр.

Тарихи-биографиялық очерктің авторы - белгілі музыка зерттеушісі Жарқын Шәкәрімұлы. Басылымда әнші Әміре туралы осыған дейін жарық көрген өзге де еңбектер мен жаңа деректер қамтылған. Майталман өнерпаз жайында қазақ тілінде ақпарат жетерлік, сондықтан аталған еңбек орыс тілінде жазылды,- дейді автор.

Айбек ҚОСАНОВ