Әзірбайжан президенті әйелін вице-президент етіп тағайындады

Әзірбайжан президенті әйелін вице-президент етіп тағайындады
21 ақпан, 20:00

Әзірбайжанда жаңа вице-президент. Мемлекет басшысы Илхам Әлиев әйелі Мехрибан Әлиеваны өзінің бірінші орынбасары етіп тағайындады. Бұл туралы президент сайтында жарияланған. Ол бұған дейін Гейдар Әлиев қорын басқарып, парламентте депутат қызметін атқарды.

Әзірбайжанда өткен жылы Конституцияға өзгерістер енгізілді. Сол кезде вице-президент және бірінші вице-президент қызметтері енгізілген болатын. Әзірге вице-президент орны бос. Ал жаңа ата заң бойынша президент аяқасты тақтан кететін болса, сайлауға дейін елді бірінші вице-президент басқарады.