Қоғам белсенділері мекемелерде жалпыға қолжетімді дефибрилляторлар орнатылса дейді

Қоғам белсенділері мекемелерде жалпыға қолжетімді дефибрилляторлар орнатылса дейді
21 ақпан, 20:00

Сабақ үстінде қайтыс болған Темірұлан Диханбаев оқыған Астанадағы №59 мектепке жалпыға қолжетімді дефибриллятор орнатылады. Бұл қондырғының көмегімен жүректің жұмысын қалпына келтіруге болады. Бұл әзірге пилоттық жоба түрінде іске аспақ.

Ал келешекте осындай қондырғымен барлық мектептерді, сауда орталықтары мен адам көп жиналатын орындарды қамту көзделген. Бұл туралы "Ақ жүрек" қоғамдық қорының өкілдері айтты. Мұндай дефибрилляторлар Универсиада қарсаңында Алматы әуежайына орнатылған. Оның құны 1 миллион теңге тұрады. Егер бюджеттен қаржы бөлінсе, алдымен мектептерге орнатылмақ.

Руслан Масхутов, «Ақ жүрек» қоғамдық қорының директоры:

Медициналық білімі жоқ қарапайым адам жедел көмек көрсете білуі керек. Халық көп шоғырланған жерде азаматтардың қауіпсіздігі қамтамасыз етілсе дейміз. Мәселен, Алматыдағы ХҚКО адам қайтыс болды, егер сол жерде осындай аппарат болғанда, бақытсыздықтың алдын алар ма едік. Өрт қауіпсіздігі үшін өрт сөндіруші баллон ауадай қажет, мұндай қондырғылар да дәл сол секілді әрбір мекемеде болуы тиіс.