«Қазақтың қайсар қызы» деген атаумен қоғам қайраткері Оразкүл Асанғазының мерейтойы өтті

«Қазақтың қайсар қызы» деген атаумен қоғам қайраткері Оразкүл Асанғазының мерейтойы өтті
22 ақпан, 20:00

«Қазақтың қайсар қызы». Астанада осындай атаумен қоғам қайраткері Оразкүл Асанғазының әдеби-сазды кеші өтті. Мерейтойы иесі бүгін 65 жасқа толып отыр. Оразкүл Асанғазыны ел-жұрт Астананың дамуына айрықша үлес қосқан тұлға ретінде біледі.

Соңғы 20 жылда ол бас қаламызда түрлі қызметтер атқарды. Қалалық Тілдерді дамыту басқармасын басқарған тұста Елордадағы көшелер мен өзге де нысандардың атауын жаңғыруға бастамашы болды. Мәжіліс депутаты болған жылдары, Парламент мінберінен түрлі өзекті мәселелерді көтерді. Мемлекеттік тіл саясаты, жас ұрпақты тәрбиелеу мен ұлттық дәстүрді сақтау жайын әлі де талмай айтып келеді. Мерейтой иесін бүгін Парламент депутаттары бастаған зиялы қауым өкілдері құттықтады.

Қайыржан Маханов, мәдениет саласының ардагері, сазгер:


Оразкүл өткір ғой, тілі деген керемет, шешендігі де бар, Алаш ардақтылары туралы білмейтінім көп еді, осы қарындасым арқылы көптеген мағлұматтарға қанықтым, білімі телегей теңіз екенін айрықша айтқым келеді.   

Базаргүл ОТЫНШИЕВА