Мысырдың экс-президенті Мүбарак көтерілісшілердің қазасына кінәлі емес деп танылды

Мысырдың экс-президенті Мүбарак көтерілісшілердің қазасына кінәлі емес деп танылды
03 наурыз, 20:00

Мысырдың экс-президенті Мүбарак көтерілісшілердің қазасына кінәлі емес деп танылды.  Елдің жоғарғы апелляциялық соты оны ақтады. 88 жастағы қайраткер бостандыққа шығуы мүмкін. Үкім қайта шағымдануға жатпайды, деп хабарлайды Рейтерс.

Елді 30 жыл басқарған Мүбәрак 2011 жылы биліктен кеткен. Арада бір жыл өткенде 18 күндік ереуілде жүздеген көтерілісшілердің өліміне себепші болды деп айыпталып, өмір бойына бас бостандығынан айырылған. Бұл жаңалыққа елең етпеген адам жоқ. Кейбіреулер оның билік басына қайта келерінен үмітті.

Ваэль Таха, Каир тұрғыны:

Мүбарак ел басқарған тұста бәрі жақсы болатын. Енді оған ешқашан қолымыз жетпейді.  30 жыл бойы қауіпсіздікте ғұмыр кешкен едік.