Жылқы туралы халықаралық ғылыми деректі фильм түсіріледі

Жылқы туралы халықаралық ғылыми деректі фильм түсіріледі
07 наурыз, 20:00

Елімізде биыл "EQUUS" халықаралық жобасы бастау алады. Оның аясында төрт түліктің бірі жылқы малы туралы 3 деректі фильм түсіру жоспарланып отыр. Кейін бұл туынды әлемнің 50 елінде 100 миллиондық аудиторияға көрсетілмек.

Қазақ жерінде түсірілетін фильмді Канада, АҚШ, Германия, Франция елдері қолдап, қаражат бөлген. Жоба бюджетінің тек 5 пайызы ғана Қазақстанға тиесілі. Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл деректі фильм елге инвестиция тартудың  жарқын үлгісі. Фильмді түсіретін режиссер Найоби Томпсон Канада мемлекетінен шақырылған. Айта кетейік, көзі қарақты көрермен бұл жобаның алғашқы нәтижесін келер жылы отандық телеарналардан тамашалай алады.

Дәурен Абаев, ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі:

Осы жоба арқылы біз еліміздің имиджін еліміздің туристік мүмкіндіктерін, еліміздің орталық ғылыми-зерттеу саласын одан әрі дамытуға күш саламыз деп ойлаймын.