КХДР ұшырған зымыран Жапонияның Хонсю аралынан 200 шақырым қашықтықта түскен

КХДР ұшырған зымыран Жапонияның Хонсю аралынан 200 шақырым қашықтықта түскен
09 наурыз, 20:00

Жапония билігі 6 наурыз күні Корей Халық Демократиялық Республикасы ұшырған ракеталар жайлы жаңа ақпараттарды жалпақ жұртқа жайып салды. Рейтерс агенттігінің хабарлауынша, ұшырылған 4 ракетаның біреуі Жапонияның Хонсю аралынан 200 шақырым қашықтықтағы жерге түскен. Жапонияның мемлекеттік хатшысы Ёсихидэ Суганың сөзінше, КХДР - аса үлкен қауіп туғызып тұрған мемлекет, сондықтан Жапония  АҚШ және Оңтүстік Кореямен қарым-қатынасты күшейткен.

Естеріңізге салсақ, 6 наурыз күні КХДР «Скад» деп аталатын 4 бірдей зымыран ұшырған. Дәл осы уақытта АҚШ пен Оңтүстік Кореяның бірлескен әскери оқу-жаттығу жұмыстары жүріп жатқан болатын. Қытай тарапының «егер оқу-жаттығуды тоқтатсаңдар, Пхеньян баллистикалық зымырандарды ұшыруын тоқтатады» деген ұсынысына қарамастан, оқу -жаттығу жалғасып жатыр. Ал ресми Қытай, бұл жағдай қос тараптың арасындағы жағдайды шиеленістіре түсті, деп отыр.