WADA ақпарат берушілердің санын арттырмақ

WADA ақпарат берушілердің санын арттырмақ
10 наурыз, 20:00

Спортта допинг талабын бұзған жайт тіркелсе, енді кез келген адам ол туралы хабарлай алады. WADA халықаралық агенттігі "Speak Up" мобильді бағдарламасы арқылы ақпарат берушілермен байланыс орнатпақ.

Қандай да бір азамат мұндай оқиға болғанын хабарласа, ол тіркелетін болады. Ал әрі қарай жұмыс жасауды жөн көрсе, арнайы келісімшарт жасалмақ. Ақпарат берушінің аты-жөні мен қосымша мағлұматы толықтай жасырын күйде сақталады. Ал тағылған айып толықтай барлық талаптарға сай тексеріледі,- дейді халықаралық агенттік өкілдері. 

Теги: WADA, "Speak Up",