Соңғы үш айда Brent маркалы мұнай бағасы алғаш 51 доллардан төмен түсті

Соңғы үш айда Brent маркалы мұнай бағасы алғаш 51 доллардан төмен түсті
13 наурыз, 20:00

Соңғы үш айда алғаш рет Brent маркалы мұнай бағасы 51 доллардан төмен түсті. Сарапшылар мұны АҚШ-та қара алтын қорының көбеюімен байланыстырады. Бір апта ішінде ол 8,2 млнға өсіп, 528 млн баррельді құрады.

Мұнай құны бұдан да төмен түсуі мүмкін. АҚШ-та бұрғылау қондырғыларының көбейе бастауы қара алтын қорының артуына себеп болады,- деп хабарлайды Рейтерс. Бүгінде олардың саны 12-ге өсіп, 768 бірлікті құрап отыр.

Кейбір сарапшылардың пікірінше, мұның көк қағаз құнына айтарлықтай әсері бар. Қазақстандық қор биржасында доллар бағамы өсіп, күндізгі сессия 1 доллар 318 теңге есебімен жабылды. 

Мөлдір БАҚЫТҚЫЗЫ

Теги: Brent, доллар,