«Барыс» плей-офф бәсекесінде «Металлург» командасына жол берді

«Барыс» плей-офф бәсекесінде «Металлург» командасына жол берді
14 наурыз, 20:00

Төрт жеңіске дейін жалғасатын плей-офф бәсекесінде «Барыстың» жағдайы қиындай түсті. Астанада өткен матчта айдын иелері «Металлург» командасына үшінші рет есе жіберді. Бұған дейін астаналық команданың бас бапкері ойыншы санының басымдығын пайдалану көрсеткіші төмен екенін айтқан. Алайда «Барыс» ол ескертуден нәтиже шығарған жоқ. 55-ші минутта қонақтар 1:5 есебімен алда болды. Ресейліктер сапында хет-трик жасаған Данис Зарипов. Ал айдын иелері құрамында Дастин Бойд көзге түсті. Дегенмен бұл нәтиже көңіл көншітпеді. Қорытынды есеп 3:5.

Дастин Бойд, «Барыс» ХК шабуылшысы:

Кездесудің соңында ғана ойынымыз жүре бастады. Бірақ матч барысында бірнеше ұрымтал сәттер болды. Ойыншы санының басымдығын пайдалана алмадық. Брэндонның ойынға оралғаны жақсы болды. Енді алдағы матчқа тыңғылықты дайындаламыз.