Ұлттық экономика министрі АҚШ-тың Қытаймен қарым-қатынасына алаңдаулы

Ұлттық экономика министрі АҚШ-тың Қытаймен қарым-қатынасына алаңдаулы
15 наурыз, 20:00

Ұлттық экономика министрі АҚШ-тың Қытаймен қарым-қатынасына алаңдаулы. Министр бұл туралы Алматыда өткен «CFO Summit Kazakhstan» саммитінде айтты. Сондай-ақ қатысушылардың бірі министрге «Дональд Трамптың АҚШ президенті болып сайлануы Қазақстанға қалай әсер етіп жатыр?" деп сауал қойған. Тимур Сүлейменов, оның саясатына баға беру қиын деп, жауап қатты.

Тимур Сүлейменов, ҚР Ұлттық экономика министрі:

Трамптың саясаты протекционизмге бағытталған деп баға берер едім. Әрине, ол- популист. Мен экономист әрі осы сайлаулардың сарапшысы ретінде мұнымен 100 пайызға келісемін. Оның жұмысына баға беру кейде қиындық тудырады. Сондай-ақ, мені АҚШ-тың Қытаймен қарым-қатынасы да мазалайды. Біз бұл елмен көрші, әрі экономикалық байланысымыз тығыз болғандықтан, мәселеге бей-жәй қарауға болмайды.

Қазақстанның ішкі және сыртқы экономикалық жағдайына байланысты түрлі пікірлер тоғысқан алаңда Еуразиялық одақтың кедендік кодексін қабылдау мерзімі жайлы әңгіме болды. Бұдан бұрын экономикалық одаққа мүше мемлекеттер арасындағы кедендік қарым-қатынастарды реттейтін заңнаманың әзірленіп жатқаны хабарланған еді. Кодексті 2017 жылдың шілде айында қабылдау жоспарланған болатын. Алайда Белоруссия тарапынан бұл құжатқа қол қою кешеуілдеген соң, оның мерзімі тағы да ұзарып, 2018 жылға қалуы мүмкін екені айтылды.